Көделіде көп қозы

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   20 Наурыз 2018
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Наурыз айының алғашқы әсерін айтып жеткізу қиын шығар. Өмір де, өңір де өзгеше қалыпқа түсіп, көңіл көктен төгілген күн нұрынан нәр алып, диқандар даланы дүбірге, малшылар төскейді төлге толтыра бастаған.
Төскейді толтыра бастаған демекші, Көделі көктеуінде 800 бас саулықты алдына салған «Құлбатыр» шаруа қожалығының аға шопаны Марат Жақсылықов сақпаншы ретінде жүрген бауырлары Байғара, Талап, Абылай, Кенжетайлармен бірге мал төлдету науқанын бастап та кеткен.
Біз барған күні 30 бас саулық төлдеп, сол маңайды қошақандардың маңыраған дауысы еріксіз көңіл аудартқан.
– Науқанның басталғанына екі күн болды. Бағымымдағы саулықтар­дың 30 басы төлдесе, оның 10-ы егіз қозы туды. Бабаларымыз айтпақшы, бұл қозылар – төлбасымыз. Саулықтардан басқа 500 бас ұрғашы тоқты, 600 бас жылқымыз бар. Жемшөп жеткілікті. Малымыз қыстан қысылмай шықты, шығын жоқ, – деді Марат Жақсылықов.
Сол күнгі жұмыс сапарымызда бізбен бірге аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркебай Рсалиев, бөлімнің сектор меңгерушісі Зағипа Әуелбаева және Қаракемер ауылдық округінің мал дәрігері Қадыржан Ділдәбеков болды.
Дүйсенбек Орманов,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер