Арпа егіліп жатыр Таңдаулы

| Автор:   20 Наурыз 2018
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Наурыз мейрамы қарсаңында ауданда егін егу науқаны басталды. Осы орайда кеше біз аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркебай Рсалиевпен бірге аудан аумағындағы егістік алқаптарын аралап көрдік. Сала жетекшісімен Аса ауылындағы «Берікқожа» шаруа қожалығына қарасты егістік алқабына атбасын бұрып, мұнда дала еңбеккерлерінің ілкімді іс-әрекетіне куә болдық.
Егістік алқабында жүрген басшының айтуынша, ауданда егін науқаны қызу басталып жатыр. Биыл өңір диқандарының басым бөлігі арпа дақылын өсіруге ден қойған. Аудан бойынша 7875 гектар жерге арпа егу жоспарланған. Алғашқы боп егістікке арпа еккендердің қатарында «Берікқожа» шаруа қожалығы (төрайымы Асылкүл Дайырханова) да бар. Техникасын жаңартып, науқанға тыңғылықты дайындалған бұл қожалық 100 гектар жерге арпа егеміз деп отыр. Қазірдің өзінде қожалық иелері 40 гектар жерге арнайы техникамен арпа тұқымын сеуіп үлгерген. Арпа тұқымы сапалы. Науқанға 10 адам қатысуда.
Ильяс Қалыбеков,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер