Егінсу жайы сөз болды Таңдаулы

| Автор:   20 Наурыз 2018
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Үкіметке суармалы жер көлемін 40 пайызға арттыру туралы тапсырма берген болатын. Бүгінде бұл тапсырманы біздің ауданда ауыл шаруашылығына жауапты сала басшылары жүзеге асыру мақсатында аудан аумағындағы су шаруашылығы нысандарын, каналдарды республикалық меншікке беру және механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Өткен жұмада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандағы су шаруашылығы саласында атқарылған іс-шаралар, алдағы уақытқа арналған жоспарлар, биылғы егінсу тарифі бойынша кеңес болып өтті. «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының директоры Қалыбек Құдайберген, орынбасары Берік Нұралиев, ауылдық округ әкімдері, аудандағы шаруа қожалықтардың төрағалары қатысқан кеңесті аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы ашып, жүргізіп отырды.
Кеңесте Берік Көбейұлы аудан аумағындағы су шаруашылығы нысандарына тоқталды, каналдардың қазіргі жай-күйін сөз етті. Осы жылы жөндеуден өтетін каналдар, су шаруашылығы нысандарын республикалық меншікке беру, каналдарды механикалық тазалау іс-шаралары туралы баяндады.
Егінсу мәселесі кеңінен сөз болған кеңесте «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының директоры Қалыбек Құдайберген шаруаларға биылғы егінсу тарифінің көтерілу себебін айтты.
Ильяс Қалыбеков,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қамданған қапы қалмайды Арпа егіліп жатыр »
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер