Жылы лебіз – ардақтыларға Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   14 Наурыз 2018
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Ана – өмір тірегі, тіршіліктің берік тұтқасы. Әлемдегі әсемдік пен сұлулық та әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алады. Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек. Иә, бүгінгі көктем мерекесінде баршамыз ең әуелі ана атаулыға бас иеміз. Жүректерді шуаққа бөлейтін, көктемнің нұрын төгіп келген бұл мерекеде әйел-аналар мен бұрымдары жайқалған қаракөз қыздарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Себебі ана – барлық ізгі де асыл қасиеттерді бойына жинап, айналасындағыларға сүйіспеншілік сезімін дарыта алатын аяулы жан.
Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында осындай мейірімділік пен жүзінен нұр төгіліп тұрған аналарға арналған мерекелік құрмет аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жағдайда өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Бақыт Қазанбасов ақжаулықты әжелер мен ардақты аналарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
– Сіздерді көктемнің шуағымен бірге келген жылулық пен ізгіліктің мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, – деген Бақыт Алпысбайұлы аудандық орталықтандырылған кітапхананың директоры Аида Қалисаеваға Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасын, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Индира Шыныбаеваға Алғыс хатын тапсырды. Бұдан кейін өңір басшысы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің жетекші маманы Нұрсара Базарбекованы, аудандық архивтің бас есепшісі Райхан Усербаеваны, аудандық орталықтандырылған кітапхана директорының орынбасары Асия Ойықбаеваны, Б.Тайшапұлы атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжамал Нұрабаеваны, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлсара Өмірзақованы, аудандық әділет басқармасының басшысы Назира Құлманованы, аудандық ішкі істер бөлімі тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, полиция капитаны Назгүл Жампозованы Құрмет грамотасымен, Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Задан Қадырбекованы, Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Мадина Жарасованы, Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Манзура Исмазованы Алғыс хатымен және «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесі мен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Гүлнәр Сүлейменқұлованы, аудандық «Шұғыла-Радуга» газеті редакциясының бас есепшісі Алма Алиева мен «Гродеково» бастауыш партия ұйымының төрайымы Бүбіфатима Берсенкулованы «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының Құрмет грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ, атаулы мерекеде түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген әйелдер мен көпбалалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне аудан әкімі сыйлықтар мен гүл шоқтарын ұсынды.
Мұнан кейін сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Рүстем Бегалиев ардақты аналар мен ақжаулықты әжелерді мерекесімен құттықтап, аудандық орталық емхана бөлімінің меңгерушісі Макира Абдуалиеваға, аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу әдістемелік-ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Сәуле Сұлтановаға, Төле би атындағы орта мектептің директоры Жанат Шардарбековаға, Макаренко атындағы орта мектептің директоры Мейрамкүл Туребековаға, Бірлесу-Еңбек орта мектебінің физика пәні мұғалімі Гүлзада Еркебаеваға, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймашысы Жұпар Ізтлеуоваға және аудандық Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Әсел Тілеубердиеваға Жамбыл ауданының Құрмет грамотасын табыс етті.
Мерекелік салтанаттан кейін көпшілік Мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған әзіл-сықақ киноконцертін тамашалап, көңілді тарқасты.
Мақсат ЖҰМАБАЕВ,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жомарттық танытты Аналар алқа тақты »
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер