Бюджет жобасын бекітуге ұсыным берілді

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   15 Желтоқсан 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Кеше Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Алпысбай Жұмахановтың басшылығымен қоғамдық кеңес отырысы өтті. Онда аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев қоғамдық кеңес мүшелері алдында ауданның 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті бойынша кеңінен түсініктеме берді. Хабарламашы білім саласы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, көлік және коммуникация, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы және басқа қызметтер бойынша бөлінген қаражат туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Отырыста пікір білдірген қоғамдық кеңестің мүшелері аудан бюджетінің жобасын талқылады. Қорытындыда аудандық бюджет жобасы мақұлданып, бекітуге ұсыным берілді.

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер