Вице-министр — емханада Таңдаулы

Бөлім:  Денсаулық
| Автор:   22 Қараша 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

«Денсаулық – зор байлық» деген. Емдеу орталықтарының есігін қағушылардың саны осы мезгілде көбейе түседі. Науқастарды медициналық тексеруден өткізу үшін жеңілдіктер қарастырылған ба және емханаларда қажетті техникалық аппараттар мен құрал-жабдықтар толық жетілген бе?
Осы мақсатта сенбі күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой Аса ауылына келді. Емханаға бас сұққан вице-министрді қарсы алған аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Саурықов емхананың жаңа электрондық кезек жүйесіне көшкенін айтып, рентген және мамография кабинеттеріндегі жаңа аппараттарды көрсетті.
Негізі, бұл орталық емхана 2018 жылы 70 пайызға электрондық кезек жүйесіне көшу керек болса, бүгінде оның 60 пайызы осы жүйеге көшіп үлгерген. Артықшылығы сол, қабылдауға келген тұрғындар терминалға келіп, қажетті қызметке ЖСН бойынша талон алады. Сол талон арқылы әрбір маман келушіні кезек тәртібі бойынша келесі маманға жолдайды. Тағы бір айта кетерлігі, жүкті әйелдер мен мүгедектер, «Алтын алқа» иегерлері және жаңа туылған нәрестелі азаматшалар талон арқылы кезек күтпей, өз дәрігеріне жолыға алады. Сондай-ақ әрбір келуші қызмет көрсету сапасын электрондық жүйемен бағалай алады.
Үш қабатты емхананың тыныс-тіршілігін бақылаған Алексей Цой автоматтандырылған ақпараттық жүйеге науқастарды енгізу туралы мәліметтерге қанығып, емхана қызметкерлерінің жұмысына табыс тіледі.
Мақсат ЖҰМАБАЕВ,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер