Колөнерді қолдауға арналды

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   18 Қараша 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Жаһандану заманында нарық шетел тауарларымен қаныққан кезде аумақтық маңызы бар салт-дәстүрімізді, тарихи-мәдени құндылықтарымызды дәріптейтін өнім ауқымына, сапалы кәдесый және киім өндірісінің артуына назар аудару аса маңызды. Біздің көне Тараз – өзінің тарихилығымен және сәулет ескерткіштерімен ерекшеленетін қала. Неге халықтың қолөнерге, киім тігу өнеріне, дәстүрлі мерекелерге және салтымызға деген қызығушылығын қайта оятпасқа?! Жамбыл облысының және Тараз қаласының белгілері кездесетін бағасы қолжетімді және сапалы кәдесый мен киім өнімдерін неге нарыққа ұсынбасқа?!
Бүгінгі өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты, салт-дәстүрге және еңбек етуге деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру қажет. Казір туризм индустриясының дамыған кезі. Оның дара жолы қалыптасуда. Осыны қаперге ала отырып, отандық туризм мен кәдесый өнімдерінің дамуына жол ашуымыз керек.
Мұны біз сейсенбіде Тараз қаласындағы «Arai Plaza» бизнес орталығында «Taraz Fashion day» іс-шарасы аясында өткен «Мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың заманауи тенденциялары және заманауи кәдесый өнімдері мен киімнің «нео-фольклор» стиліндегі дамуын ынталандыру» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияда естідік. Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен «Асыл-Дизайн» ЖШС сән және ассортимент ғылыми-өндірістік орталығы бірлесіп ұйымдастырған жиынды БҰҰДБ тиімді басқару департаментінің бағдарламалық координаторы Дана Ораз ашып, бұл іс-шараның мақсаты мен бағыт-бағдарына кеңінен тоқталды.
Ғылыми-практикалық конференция барысында «Татьяна Воротникова Арт студиясының» басшысы Татьяна Воротникова, «Kazakh Style-Souvenir» директоры және бас идеологы Гүльжан Абилова, «Овация» сән театрының директоры Ирина Шарипова, ТарМУ «Дизайн және ТБТ» кафедрасының меңгерушісі Маржан Омарбекова, ТарМПУ «Кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасының меңгерушісі Айнұр Жаскиленова, Жамбыл политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Ажар Ибраева, ТарМУ магистранты Маргарет Тілеубаева, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мадина Есіркепова сәйкесінше «Нео-фальклор стиліндегі туристік киімдерді кеңейту жолдары», «Қазақстанда туристік кәдесыйдың даму мәселелері», «Бұхараның туристік кәдесыйы: дамуының жай-күйі мен келешегі», «Тарихи мұра петроглифтерді талдау негізінде әйелдердің заманауи костюмі», «Қазақ ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді инновациялық бағыттарда дамыту жолдары», «Жамбыл облысын таныстыруға арналған костюмде қазақ ұлттық мотивтерін қолдану», «Этнодизайндағы костюмнің көркемдік бейнесін салт-дәстүрлер арқылы қалыптастыру жолдары», «Оқу процесінде кәсіптік дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы қолөнерді үйретуде оқушылардың таным ынтасын қалыптастыру» тақырыптарында хабарлама жасап, мән-жайды тарқата баяндады. Тақырыптар төңірегіндегі ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты. Өңіріміздегі мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың заманауи тенденциялары және заманауи кәдесый өнімдері мен киімнің нео-фольклор стиліндегі дамуын ынталандыруды жан-жақты талқылады.
Әртүрлі стильдегі киімдер сөз болған конференцияны қорытындылаған «Асыл-Дизайн» сән үйінің бас дизайнері, «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжінің құрылтайшысы Айдархан Қалиев соңынан хабарламашыларға сертификаттар табыс етті.

Ильяс Қалыбеков, «Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер