Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері түсіндірілді Таңдаулы

Бөлім:  Саясат
| Автор:   18 Қараша 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілгендей, әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру бойынша, яғни 84-қадамын жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана беріледі. Ол дегеніміз, кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысқан жағдайында ғана тағайындалатын болады.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін түсіндіру мақсатында құрылған жұмыс тобы 3 топқа бөлініп, Аса, Ерназар, Өрнек, Қаракемер, Жамбыл, Айшабибі, Қаратөбе, Қарой, Полатқосшы, Қызылқайнар, Бесағаш, Гродеково ауылдарында тұрғындармен кездесу өткізді.
Аталған жұмыс тобының мүшелері – Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Арубаев, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айхан Назарбеков және Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов «Жастар ресурстық орталығының» акт залында тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында жәрдемақы алушыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібіндегі өзгерістер туралы түсіндірілді.
– Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қазіргі әлеуметтік төлем түрлерінен өзгешелігі – аз қамтамасыз етілген азаматтарға немесе отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек кешенді болып, 3 түрлі мемлекеттік қолдау: біріншісі – атаулы әлеуметтік көмек төлемі, екіншісі – жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, яғни жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына жолдау, тұруына, жол жүрісіне, біржолғы ыстық тамағына (техникалық және кәсіптік оқу орындарында білім алған жағдайда) шығыстарды өтей отырып, оқуға жіберу және мемлекет есебінен шәкіртақы төлеу, мемлекет есебінен еңбекақысын субсидиялай отырып, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жіберу, жеке ісін ашуға немесе бизнесін кеңейтуге шағын несие беру, үшіншісі – әлеуметтік қызметке мұқтаж жандарға мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілмек. Аталған қызметтерді үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік қызметкерлер және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік ұйымдар көрсете алады. Осылайша, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларға немесе азаматтарға қолдау көрсете отырып, кедейшілік шегінен шығару үшін кешенді қарастыруды көздейді, – деді Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Арубаев.
Сондай-ақ, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген отбасыларға қазіргі уақытта беріліп отырған келесі үш әлеуметтік төлемді отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 пайызынан төмен болған жағдайда жанұяның әр мүшесіне берілетін атаулы әлеуметтік көмекті, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын балалар жәрдемақысын және кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға табысына қарамастан берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақыны біріктіретін Бірыңғай жәрдемақы болып табылатыны айтылды. Жұмыс тобының мүшелері атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің шеңберінде тұрғындарға ақшалай көмек берумен қатар олардың жұмысқа орналасуы үшін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберу мен шағын несие беру қарастырылғандығын түсіндірді.
Күнзипа Ситалиева,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Теңгеміз тұғырлы болсын! Салмақты семинар »
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер