Өз жылыжайы бар мектеп

Бөлім:  Білім
| Автор:   15 Қараша 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Атшаптырым аумақты алып жатпаса да, алақандай аумақтан орын тепкен мектеп жылыжайын алғаш көрген адам қызыға да, қызғана да қарауы мүмкін. Қызыға да деуіміздің себебі, мұндағы руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл лимон ағашы, қызыл қызылша, сәбіз, қияр, қызанақ, укроп, қытай орамжапырағы, жусай, кинза, раушан гүлдері көз жауын алады. Жылыжай жасыл желек жамылып тұр. Піскен өнім мек­теп асханасына беріледі. Қызғана да деуіміз, кейбіреулер «тәйі­рі, мұндай жылыжайды мен де тұрғыза аламын» дейді екен.
Аудан бойынша екі мектепте ғана жылыжай бар. Солар­дың бірі осы Еңбек орта мектебінде болса, бірі Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте. Бұл жылыжайлар мектеп ғимаратының алғаш қабырғасы қаланғаннан-ақ жоспарға сәйкес тұрғызылған-ды.
– Жылыжайдан тонналап өнім алмасақ та, жиналған өнім оқушыларымыздың кәдесіне жарап тұр. Қазір бұл жылыжайды жас маман, биология пәнінің мұғалімі Гүлзат Төлеубекова өз қарауына алған. Ол оқушылармен бірге көкөністерді күтіп-баптайды. Бұл оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, өз қолдарымен дақыл өсіруге үйретеді. Мүмкін болашақта осы жастардың арасынан білікті агроном да шығып қалар, – дейді мектеп директоры Асылбек Қонаров.
Осы тұста біз жас маман Гүлзат Төлеубекованы сөзге тартқанбыз. Ол: – Өнім өндіру, гүл өсіру бізге беймәлім дағды емес. Бұл – ата кәсібіміз. Ырыс та, бақыт та осы жер-ананың қойнында жатыр емес пе? Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ биолог болуды армандағанмын. Нәсібіме қарай маған жылыжайы бар мектеп бұйырды. Мектеп директорына рахмет. Жылыжайды маған сеніп тапсырды. Сол сенімді ақтап жүрмін деп ойлаймын. 2016 жылдың қыркүйек айынан бері осы жылыжай қосымша орныма айналды. Тәжірибелік сабақты осы жерде өткізіп келемін, – деген.
Тәжірибе мен теорияны ұштастыра білген Гүлзат Сәкенқызының жұмысына сәттілік тілеп, өзге мектептердегі биология пәнінің мұғалімдеріне еңбектік жас маманның жолын берсе екен деген таудай тілекті арқалап кері қайтқанбыз.

Дүйсенбек ОРМАНОВ,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер