Адалдық – ардың ісі

| Автор:   15 Қараша 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен колледж білімгерлері арасында әділдік пен адалдық қағидаларын шынайы бейнелеу тұрғысында «Адалдық – ардың ісі» атты байқау өтіп, оған 9-11 сынып оқушылары және колледждердің 2-3 курс білімгерлері қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес талапкерлер А-3 форматына түрлі-түсті қарындашпен, фломастермен, акварельмен, бояумен салынған суреттерін, ұзақтығы 1 минуттан аспауға тиіс бейнероликтерді жіберуі қажет болатын.
Негізгі мақсат орындалып, барлық қатысушылар өз туындыларына сыбайлас жемқорлықты арқау еткен. Суреттерге, бейнероликтерге қарап отырып жастардың «Жемқорлық – жегі құрт» екенін түсінгенін аңғарасың. Барлық туындылар шынайы бейнеленген.
Жастардың бейнелеу өнерін бағалаған комиссия мүшелері – аудан әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Ә.Омарова, мектеп мұғалімдері Д.Патаев, Қ.Отарбаев және Д.Мұзбеловтың ұйғарымы бойынша сурет байқауында (8 мектептен 11 сурет түскен) Б.Бесбаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Аружан Әбдімәжиттің, Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Дамира Рахымбаеваның, Ә.Әйтиев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Арман Бисембаевтың туындылары озық деп табылып, жұмыстары облыстық байқауға жіберілді.
Бейнеролик жұмысы бойынша Б.Момышұлы атындағы орта мектептің туындысы облыстық байқауға жолданды.

Дүйсенбек ОРМАНОВ,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер