Теңгеміз тұғырлы болсын!

Бөлім:  Саясат
| Автор:   15 Қараша 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылдың 13 қарашасында еліміздің Ұлттық валютасы – теңгені айналымға енгізу жөнінде Жарлыққа қол қойған болатын. Сол жылдың 15 қарашасынан бастап қазақ елінің ұлттық валютасы ел экономикасына белсенді қызмет етіп келеді. Биыл төл теңгемізге 24 жыл толып отыр. Мемлекеттілікті анықтайтын факторлардың бірі – ақша айналымы болып табылса, онда біздің «теңге» ата-жұрттың мәнділігін және басқа мемлекеттермен теңдігін анық байқатты. Осынша белестің сын жолынан мүдірмей өтіп, теңгеміздің тұғыры темірдей тегеурінге ие болып, қаржы әлемінде лайықты орын алды.
Елбасының дәйекті саясатының арқасында ұлттық валюта егемендіктің символына айналып, тәуелсіздіктің сенімін одан әрі нығайтуда. Ұлт Көшбасшысының қаржыгерлерді мемлекеттің стратегиялық мақсаттағы жобаларын бірлесіп жүзеге асырудағы өзінің бірінші көмекшілері деп атауы тегін емес.
Әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан Қазақстанның лайықты орын алуы да – Ұлттық валюта тұрақтылығының мәні өте зор болып отыр. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауларында қаржы секторына ерекше көңіл бөліп келеді. Еліміздің әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыруы, инфляцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтау, экономикалық өсімді ынталандыру дәл осы міндеттерді табысты шешумен тікелей байланысты.
Қаржы бөлімінің негізгі мақсаты – аудан бюджетінің атқарылуы, коммуналдық меншікті басқару және пайдаланудағы бақылауды жүзеге асыру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі міндеттері – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру, нақтылау, түзету және орындалуын жүзеге асыру. Сонымен қатар, аудандық бюджеттің орындалуын бақылауда ұстайды және ауданның есеп-қисабын, яғни кіріс-шығысының есебін жүргізеді.
2017 жылға аудан бюджеті 10 млрд 447 млн теңге көлемінде жоспарланған. Салыстырмалы түрде қарағанда осыдан 20 жыл бұрын аудан бюджеті 500 млн теңге көлемінде болатын. Бұл дегеніміз аудан бюджетіне құйылып жатқан инвестициялар 20 есеге артқан. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша аудан бюджеті 8 млрд 758 млн теңгеге жоспарланып, игерілді. 3 млрд 894 млн теңге көлімінде еңбекақылар, 336 млн теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер төленді. Ал ағымдағы нысаналы трансферттер мен дамытуға арналған нысаналы трансферттер көлемі 1768 млн теңгені құрады. Үстіміздегі жылдың бүгінгі күніне дейін аудан бюджетіне 5 мәрте толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Барлық өзгерістер бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес жүргізілді.
Осы міндеттерді шешуде тәжірибелі, өз ісіне адал берілген білікті мамандарды ерекше атап өтуге болады. Олар Даурен Қоскелбаев, Разия Изембаева бөлімнің белсенді де білікті қызметекерлері.
Қаржыгерлердің еселі еңбектерінің арқасында біздің аймағымыз, экономикасы дамып келе жатқан облысымыздағы  ірі аудандарының бірі болып отыр.
Бүгінгі мереке күні қаржы саласының барлық қызметкерлерін және осы саланың өсіп өркендеуіне үлес қосқан ардагерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта да теңгеміз Қазақстан халқына, еліміздің экономикасына сенімді қызмет ете беруіне тілектеспін.

Маржан БАЙГЕЛДИ,
аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы.

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер