Ауыл азаматтарымен кездесу

| Автор:   15 Қараша 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Сыбайлас жемқорлық түсінігіне анықтама беруде әртүрлі көзқарастардың болуы осы құбылыстың күрделі мәселе екенін білдіреді. Ал, біздің ұғымымыз бойынша сыбайлас жемқорлық лауазымды тұлғалар мен қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы үшінші тараптың мүддесіне зиян келтіре отырып, пайда алу мақсатында өз лауазымын пайдалану болып табылады.
Ауданымызда келеңсіз көріністерге қарсы түрлі іс-шаралар өтуде. Солардың бірі – Пионер ауылында өткен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының партияның «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» жобасын жүзеге асыру бойынша ауыл тұрғындарымен, мекеме қызметкерлерімен кездесуі. Ауылдық округ әкімі Самат Селеубаев ашып жүргізген жиынға аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, партия ардагері Алпыспай Жұмаханов, партия аудандық филиалының консультанты Төленді Көпбергенов, «Жас Отан» ЖҚ-ның төрағасы Жандар Тоқсаба, «Пионер» бастауыш партия ұйымының төрайымы Алмат Жұмаділова қатысты.
Басқосуда сөз алған Төленді Көпбергенов елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары уақытында басталғанын, 2014 жылы қабылданған арнайы заң аясында бірнеше тұлғаға қатысты іс қаралып, тиісті мемлекет қаржысы қайтарылғанын тілге тиек етті.
«Пионер» бастауыш партия ұйымы қоғамның сан саласына қозғау салу үшін маңызды бастамаларға қолдау білдіріп, аудан көлеміндегі түрлі іс-шараларға белсене атсалысуда. Бұл жайында Алмат Жұмаділова баяндады.
– «Жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» жобасы аясында партия мүшелері мен жасотандықтар бірлесіп ауыл жастары арасында жемқорлық әрекеттеріне мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру және қауіпті кеселдің алдын алу бойынша кездесулер өткізіп, сауалнамалар алды. Әрине, сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамыздың міндетіміз. Жемқорлықтың тамырына балта шабуға тиіспіз, – деді Алмат Тұрмағанбетқызы.
Кездесуге келгендер де өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды. Мақсат сол – сыбайластыққа жол бермеу.
Іңкәр СҮЛЕЙМЕН.

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер