Қамданған қапы қалмайды Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   11 Қараша 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Расында апат айтып келмейді. Сондықтан да әрбір адам төтенше жағдайға, оқыс оқиғаға әркез даяр болуы керек-ақ. Десек те біз өрт тұтанғанда немесе су тасқыны кезінде әрекет жасай аламыз ба? Сол оттың құрсауында қалған адамды құтқара аламыз ба?

Осы сауалға жауап іздеген біз өткен бейсенбі күні аудан орталығындағы спорт кешенінің алаңқайынан бастау алған «Қыс-2017» командалық-штабтық оқу-жаттығу кезінде ауданымыздың шұғыл әрекет ету жасақтарының қимыл-қарекетіне куә болғанбыз.
Алаңқайда сап түзеген 54 жасақ мүшелері мен 17 әртүрлі техника төтенше жағдайға әркез даяр екендіктерін көрсетіп, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлына баянат етті.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты аудан орталығындағы «Жамбыл-жылу» мекемесіне қарасты жылыту қазандығының жарылу салдарында шұғыл әрекет ету жолдарын пысықтау және зерделеу болатын. Бірден айтатыны, мақсат орындалды.
Оқу-жаттығу кезінде аудандық ТЖ бөлімі, өрт сөндіру бөлімі, емхана, «Қазсушар» РМК Аса бөлімшесі, «Аса-су» КМК, «Жамбыл-жылу» мекемесі, аудандық ішкі істер бөлімі, «Қазтелеком», «Газ жүйелері бойынша авариялық құтқару» және «Электрлер жүйелері бойынша авариялық құтқару» командалары белсенділік танытып, өздеріне жүктелген тапсырмаларды абыроймен орындай алды.
Командалық-штабтық оқу-жаттығу соңында аудандық ТЖ бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау майоры Д.Жанқұлиевті сөзге тартқанымызда ол: – Жыл сайын осы мезгілде оқу-жаттығуды өткізудің маңызы орасан зор. «Жаман айтпай жақсы жоқ», бір келеңсіз оқиға белең алған кезде бір әрекет жасауымыз керек қой. Оның үстіне қыс мезгілі таяп қалды. Сол үшін де әрекет қамына бүгіннен кіріспесек, ертең кеш болады. Бүгінгі оқу-жаттығуға қатысқандардың арасында жастар көп болды. Соған қуандым. Олардың үйренуіне, сабақ алуына бүгінгі іс-шараның оң ықпал еткені даусыз. Негізі, оқу-жаттығу жоғары дәрежеде өтті. Бәрі де белсенділік танытты, – деді.
Төтенше жағдайды болдырмаудың басты амалы – оның алдын алу. Алдын алу жұмысы осындай оқу-жаттығудан бастау алатынын ескерсек, бүгінгі ұйымдастырылған «Қыс-2017» командалық-штабтық оқу-жаттығу «қамданған қапы қалмайдыға» саяды.

Дүйсенбек Орманов,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер