Үшжақты меморандумға қол қойылды

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   08 Қараша 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Кеше аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудандық соттың төрағасы Досжан Төленбеков, Пробация қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Бағдан Бибазаров өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды.
Басқосуда Досжан Қанатбекұлы қылмыстық істер бойынша сотталғандарға тағайындалған қоғамдық жұмысқа тарту жазасының орындалуын қамтамасыз ету, сотталғандардың жазаны орындау тәртiбi, жазаны өтеу шарты, жазаны өтеу тәртібі мен шартын бұзғаны үшін жауаптылығы туралы кеңінен баяндады. Өз кезегінде аудан әкімі Бақыт Қазанбасов аудандық соттың бастамасын қолдап, сотталғандарды қоғамдық жұмысқа тарту жазасының орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы бастамаларға қолдау білдіретінін жеткізді.
Жиынға аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Келесов, аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығының директоры Асқар Жанқоразов, аудан әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы Жомарт Телеуов қатысып отырды.

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер