Аманатқа жаман ат келтірмейік

Бөлім:  Жастар
| Автор:   18 Қазан 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Әрбір ер азамат ат жалын тартып, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін өз атасының ғана емес, Отанының да ұлы екенін ұмытпағаны жөн шығар. Азамат ұмытпауға тиіс ең маңызды мәселе – Отан алдындағы әскери борышын өтеу. Өйткені жастарға бүкіл ел үлкен сенім артады. Шекарамыз мығым, әскеріміз мықты деп түн ұйқысын төрт бөлмей тыныш ұйықтайды олар.
Сенімді серік еткен Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есеп жүргізушісі Сәкен Мырзабай жоспарланған іс-шара бойынша 2001-2002 жылдары туылған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне диспансеризациялық байқаудан өтуге жататын жасөспірімдерді жеткізу жұмыстарын жүргізуі осындағы әкімшілік қызметкерлерін де, ауыл ардагерлерін де, дәрігерлерді де, мектеп мұғалімдерін де бей-жай қалдырмаған. Сол күні 89 жасөспірім тізімге алынды.
Сап түзеген болашақ сарбаздар­дың алдында Полатқосшы ауылдық округі әкімінің орынбасары Айнұр Досманбетова, ішкі істер саласының ардагері Сәпілмәлік Тажиев, ауыл ақсақалы, «Айрықша тәуекелді солдаттар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әлімжан Данаев, Жалпақтөбе ауылдық емханасының медбикесі Магзура Шамшиева, Чкалов атын­дағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұға­лімі Осман Каримов, ауыл әкі­мі аппаратының бас маман-әске­ри есеп жүргізушілері Сәкен Мырзабай мен Нұржан Әміров жас­тар арасындағы патриоттық сезімді арттыруға, Отанға деген сүйіспеншілікті дамытуға әскери қызметтің тигізер пайдасы зор екенін, ер болып туылғаннан кейін туған жерін, өз мемлекетін қорғау әр азаматтың борышы саналатынын айтып, оларды әскери міндеттерін адал атқарады деген сенімді аманат етті.
Осындайда жастарымыздың бүгінгі өткен кездесуде «жастарымыз Отан алдындағы әскери парызын адал атқарады» деген үлкендердің аманатына жаман ат келтірмейтініне сенгіміз келеді.

Дүйсенбек ОРМАНОВ,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Азаматтар әскерге аттанды Жастар кеші »
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер