Темір жол – қауіпті аймақ

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   11 Қазан 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Жуырда Аса ауылдық округі әкімі аппаратында ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен жиында темір жол тәртібі кеңінен түсіндірілді. Ауыл әкімі Бауыржан Қалшымбетов ашып, жүргізген басқосуда Жамбыл жол дистанциясының бас инженері Нұрмахан Қалиев, жетекші инженер Еркебұлан Қалабаев, Жамбыл жол дистанциясының №5 өндірістік бөлімі бастығының орынбасары Сакен Есеев, жол технигі Алтынбек Жанысбаев, Аса стансасының бастығы Нұрлан Казбеков, аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің бақылау және қадағалау секторының бас маманы Төрехан Болтаев тұрғындарға темір жол қауіпті аймақ екенін айтып, темір жолдың жағалауына мал жаюға болмайтынын ескертті.
Жиында сөз алған жетекші инженер Еркебұлан Ибрашұлы: «Темір жол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерінің темір жол ережелерін бұзуы, адамдардың белгіленбеген жерден өтуі, жергілікті тұрғындардың малды темір жол маңайында жаюы жылжымалы құрамдардың қозғалысының қауіпсіздігінің бұзылуына және адам өміріне қатер тудырады. Қыркүйек айында «Сақтаныңыз, темір жол – қауіпті аймақ» атты бір айлық акциясын өткіздік. Бұл айлықтың негізгі мақсаты – темір жол бойындағы кедергілердің алдын алу, адам өлімін азайту», – деді.
Ауданда өткен жылы 5 адам пойыздың астына түссе, биыл пойыз қозғалысына қауіп төндірген 3 жағдай тіркелген.
Темір жол тәртібі түсіндірілген жиынды Бауыржан Құттыбайұлы қорытындылады.

Ильяс Қалыбеков,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жаңа заң жобасы аясында Нәпақа – нәресте нәсібесі »
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер