Жаңа заң жобасы аясында Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   11 Қазан 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Дүйсенбі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен ҚР «Құқықтық көмек туралы» Заңының жобасы, сондай-ақ ілеспе жоба аясында конференция өтті.
Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аппарат басшысы Абай Бекбосын, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен аудандық ішкі істер бөлімі, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері және құзырлы орган өкілдері қатысқан конференцияда аудандық әділет басқармасының басшысы Назира Құлманова баяндама жасады.
– Заң жобасы Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлы­ғымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010-2020 жыл­дарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін іске асыруға бағытталған. Тұжырым­дама бойынша құқық қорғау және сот жүйесін, сондай-ақ құқық қорғау институттарын дамытудың негізгі бағыттарының бірі ретін­де азаматтардың құқықтары мен бостан­дықтарын қорғауға байланысты мамандандырылған мекемелерді жетілдіру қажет. Осыған байланысты азаматтардың білікті заң көмегін алудың конституциялық құқығын жүзеге асыру механизмін жетілдіру қажеттігі атап өтіледі. Жақсарту тұжырымдамасына сәйкес құқықтық көмек жүйесі, ал табысы төмен адамдарға құқықтық көмек көрсету жүйесі қажет, – деп Қазақстан Республикасының заң шығару институты нормативтік-құқықтық актілерді заң жобасын шоғырландыруға талдау жасал­ғанын, талдау заңдық көмек туралы ережелерді қамтитын төрт заңға бағынатынын атап өтті. Олар: «Адво­каттық қызмет туралы»; «Мемлекеттік кепілдікті құқықтық көмек туралы»; «Нотариат туралы»; «Атқарушылық іс жүргізу және сот приставтарының мәртебесі туралы». Сондай-ақ, талдаудың қорытындысы бойынша заң екі заңнамадан кейін олар­ды жою туралы мәлімдеме жаса­ды. Бірінші, «Адвокаттық қыз­мет туралы», екіншісі «Мемлекеттік кепілдік берген заң көмегі туралы». Бұл заңдар реттеу объектісінің біртұтастығын ескере отырып бірік­тіріл­генін және заң жобасының ережелерін егжей-тегжейлі қарас­тыр­ғанда заң көмегін көрсету сала­сын дамыту және жетілдіру бірнеше тетіктерден тұратынын хабарлады.
Бұдан кейін аталмыш басқар­маның бас маманы Евгения Салманова заң жобасы кешенді және мемлекет тарапынан кепілден­дірілген құқықтық көмек нормаларымен толықтырылғанын түсіндірді. Заң жобасын дайындау барысында сараптамалық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде: құқық мамандарының құқықтық көмек көрсету қызметі сапасының төмендігі; жаһандану процесіне байланысты білімнің тез ескіруі, үнемі үздіксіз білімді жетілдіру қажеттігі; адвокат мамандарының аздығы; адвокаттық коллегия қызметінің немесе жұмысының ашықтығы және мөлдірлігінің болмауы; адвокаттық коллегия төрағаларының ауысу механизмінің жоқтығы бәсекелестіктің болмауына әкеп соққандығы сияқты кемшіліктер анықталғанын айтып өтті.
Конференцияға қатысушылар жаңа заң жобасы аясында жеке және заңды тұлғаларға қатысты өз ұсыныстарын жолдап, енгізілген өзгерістерді талқыға салды.

Мақсат ЖҰМАБАЕВ,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Кәсіби мереке құрметіне Темір жол – қауіпті аймақ »
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер