Кәсіби мереке құрметіне Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   07 Қазан 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Егіншінің де, кеншінің де, сарбаз бен сардардың да, ұстаз бен есепшінің де кәсіби мерекесі бар. Осындай кәсіби мерекелердің бірі – ішкі істер саласындағы бөлімшелер қатарындағы қылмыстық іздестіру (криминалдық полиция) бөлімшесі қызметкерлерінің күні.
Негізі, кеңес үкіметі тұсында құрылған бұл іздестіру тобына биыл 99 жыл толып отыр. Содан бері бұл кәсіби мереке аталып өтіледі.
Бүгін де солай болды. Із кесушілердің қуанышына ортақтаса аудандық ішкі істер бөліміне келген аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков, аудан прокурорының орынбасары Алмаз Асылбеков сала қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, істеріне ілгерілеушілік, жұмыстарына табыс тіледі. Тілектерін Нұрлан Күдербайұлы да, Алмаз Әбдінұрұлы да, кезінде осы салада жемісті еңбек еткен полиция ардагері Сәпілмәлік Тәжиев те жеткізді.
Салтанатты сәтте аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы қиын да қызықты мамандықты игеріп, полиция қызметін із кесушіден бастаған, бүгінде аудандық ішкі істер бөліміне басшылық ететін полиция полковнигі Талғатбек Татеновке және ауданның бас із кесушісі, бөлім бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Жарас Тохабаевқа Құрмет грамотасын табыс етті. Сондай-ақ өңір басшысы аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Тұрсыновқа майор шенін тапсырды.
Алқалы жиыннан алғыс арқалап, көңілді тарқасқан полиция қызметінің үлкен-кішісі аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Талғатбек Татеновтың ұйытқы болуымен аудан орталығындағы кіші футбол алаңында өткен ойынды тамашалады.
Арнайы кубокты сарапқа салған ойыншылар жарыс қызығын кеш қарайғанша жалғастырды.

Дүйсенбек Орманов,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер