Орталық операциялық учаске ашылды Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   07 Қазан 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Жамбыл аудандық пошта байланыс торабының орталық операциялық учаскесінің ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев, «Қазпошта» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалы экономика бөлімінің бас маманы Нұрқожа Сержанов, заң бөлімінің басшысы Назым Сарыүйсінбек, қаржы бөлімінің бас маманы Азамат Сапаралиев пен шаруашылық бөлімінің бас маманы Айман Жұмабекова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы «ӘТВЕО» департаменті Жамбыл аудандық бөлімшесінің басшысы Марат Үлеков арнайы шақырылды.
Пошта байланыс орталығының басшысы Бақытжан Мырқалықов пен орталық операциялық учаскесінің бастығы Бақыт Сайранбекова келген қонақтарды пошта байланыс орталығының ішкі жұмыстарымен және ондағы жаңа құрылғылармен таныстырды. Мамандардың айтуы бойынша, аудандық пошта байланыс торабында 17 байланыс бөлімі, бір орталық операциялық учаске бар. Онда сәлемдемелерді қабылдап жіберуге болады. Мәселен, интернет бойынша тапсырыс берген сәлемдемелерді өздеріне жіберген ШПИ нөмірлері бойынша алады. Поштаға барлық коммуналдық төлемдер, банк несиелері төленеді. ЖЖС электр жүйесіне төленетін төлемдер онлайн бағдарламасы бойынша 2 сағатта қажетті шот есебіне түсіп отырады. Сонымен қатар барлық ауылдағы пошта бөлімшелерінде Қазақстан бойынша теміржол және авиабилеттер сатылады, МПУ мобильді ауыспалы құрылғысы арқылы барлық қаржылық төлемдер, оның ішінде несие өтемдері, зейнеткерлердің, 80 жасқа келген қариялардың өтініші бойынша үйіне жеткізіліп беріледі. Аудан бойынша посттерминал (шағын банкоматтар) қойылған. Зейнетақы, жәрдемақы және айлық жалақысын осы банкоматтар арқылы карточкамен алады. Ал, «Қазпоштаның» зейнеткерлерінен қосымша ақша алынбайды.
Поштаның ішкі жұмысымен танысқан қонақтар ондағы жаңа құрылғылар арқылы мамандар көрсететін қызмет түрлерінің заман талабына сай екендігін байқады.
Бұдан бөлек, дамыған заман кезеңінде поштаға қызмет ететін газет-журнал таратушылардың жұмысы күннен күнге ауырлай түскен. Бірақ олардың жалақысы мардымсыз. Газеттерді берілген объектілердегі әр үйге жылдың төрт мезгіліндегі ыстық-суыққа қарамай жеткізу – қиынның қиыны. Осы тұрғыда олардың жұмысын бір ретке келтіріп, жалақыларының атқаратын қызметтеріне сай болуын қамтамасыз етуге Үміткен Қапанқызы облыстан келген өкілдерге өз ұсынысын жеткізіп, пошта байланыс торабының халыққа көрсетіп жүрген еңбегіне табыс тіледі.

Мақсат Жұмабаев,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер