Бес миллион теңгенің өнімдері саудаланды Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   04 Қазан 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Нарық шарықтап тұрған шақта халықтың қарық болмасы анық. Осындайда азық-түлік тауарлары бағаларын қолжетімді етіп, халықтың сұранысын қанағаттандыратын жол табылса, жергілікті халық қуанғаннан бөркін аспанға атары даусыз.

Тап осындай қуанышты сәтті 30 қыркүйек күні Тараз қаласындағы «Достық» алаңында өткен көрме-жәрмеңкеде көріп, көңіліміз толған.
Алаңға қатар-қатар қойылған ақ шатырлардың астындағы сөрелерде ауыл шаруашылығы өнімдері, яғни, ет-сүт өнімдері, бакалея, жеміс-жидек және көкөніс түрлері тұнып тұрды. Мұнда не жоқ дейсіз. Бәрі бар. Мәселен, Жамбыл ауданынан апарылған 150 дана нан өнімдері, 210 литр сүт өнімдері, 10 келі құрт, 200 келі бал, 200 келі асқабақ, 5,3 тонна пияз, 1 тоннаға жуық картоп, 1 тонна сәбіз, 1050 келі қызанақ, 100 келі қияр, 500 келі қырыққабат, 650 келі асханалық қызылша, 4,5 тонна алма, жеміс-жидек, 1200 келі жылқы еті, 200 келі сиыр еті, 100 келі қой еті, 0,5 тонна қауын-қарбыз, 500 келі ет өнімдері (ысталған шұжық, бұқтырылған шұжық), 0,3 тонна бидай, 0,2 тонна жүгері, 50 келі салат, 3000 дана тауық жұмыртқасы саудаланды. Яғни, 5 млн 054 мың 500 теңгенің өнімдері сатылды.
Көрме-жәрмеңкеде біздің ауданнан өзге Мойынқұм, Жуалы, Талас, Қордай, Байзақ аудандарынан әкелінген азық-түлік тауарларының сатылғанын ескерсек, алымшылардың қарық болғанын аңғару қиын емес еді. Мұндағы баға базардағыдан едәуір төмен болғанын да ескергеніміз жөн.
Сол күні көрме-жәрмеңкенің өту барысын бақылаған облыс әкімінің орынбасары Мәден Мұсаев ауданымыздың жұмысына оң бағасын беріп, мұндай жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.
Өңір шаруашылықтарын көрмеге аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы бастап барды.
Дүйсенбек Орманов,

«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер