Ұстазым, саған мың алғыс! Таңдаулы

Бөлім:  Білім
| Автор:   04 Қазан 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Сенбі күні Тараз қаласындағы «Арай Плаза» бизнес орталығының ғимаратында аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстазым, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті. Әуелі, бала бағбанын төл мерекесімен құттықтаған аудан әкімі Бақыт Қазанбасов аудандағы білім саласының жетістіктері мен сол жолда атқарылып жатқан игі істер жайында баяндап, білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады. Толығырақ тоқталсақ, Амангелді атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадинахан Сарбашеваны, Жасөркен орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Ардан Кожахметованы, Октябрь-Жеміс орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Гүлсара Сүлейманованы, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Жұмағұлованы, Шайқорық орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Кәмшат Сатыбалдыны Құрмет грамотасымен марапаттады. Бұдан кейін ұлағатты ұстаздарға ізгі тілегін арнаған аудандық мәслихат аппаратының басшысы Мадияр Сәмбетов Ә.Әйтиев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Боранбай Молдашевты, Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектептің даярлық сынып мұғалімі Сәулеш Қосарованы, Төле би атындағы орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Айгүл Жақсылықованы, Б.Кейкиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ләззат Бұралхиеваны, Айшабибі орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жібек Сейілханованы Жамбыл ауданының Құрмет Грамотасымен марапаттады.
Салтанатты жиында әріптестерін төл мерекесімен құттықтаған аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова Б.Тайшапұлы атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Айтмағамбетоваға, Б.Момышұлы атындағы орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Маржан Мыңбаеваға, М.Әуезов атындағы орта мектептің биология-география пәнінің мұғалімі Замзахан Тойынбековаға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құрмет грамотасын табыс етті. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Жамбыл облыстық ұйымының Жамбыл аудандық комитеті» филиалының төрағасы Ернар Тәжібаев Гүлнар Пірімқұлованың кеудесіне «Білім қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін қадаса, Айгүл Досымбекова мен Тәуекел Жұмабековке Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Жамбыл облыстық ұйымының Құрмет грамотасын табыстады. Сонымен қатар жыл қорытындысы бойынша А.Макаренко, Б.Момышұлы, Гродеково орта мектептері «Үздік мектеп» номинациясымен, «Болашақ» бөбекжайы «Үздік балабақша» номинациясымен марапатталды.
Ұлағатты ұстаздарға арналған салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ.
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Мерейі үстем қашанда Заманауи көзқарас керек »
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер