Айтулы әнші – Аса сахнасында

Бөлім:  Мәдениет
| Автор:   19 Қыркүйек 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановты алғаш көріп, тамылжыта ән салған зор дауысын естіген адам таңғажайып құбылыстың құпиясын тапқысы келгендей терең ойға шомып кетуі әбден мүмкін.
Тамаша талант иесінің аудан орталығы Аса ауылына осымен екінші рет келуі. Бұл келуінде күміс көмей әнші:
– Еліміз өсіп-өркендеп, құлашын кеңге жайып, өрге ұмтылған шақта Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласында айтқандай, біз өзіміздің ұлттық кодымызды сақтап қалуымыз керек. Оның бірден-бір жолы – ұлттық ерекшелігімізді, қадір-қасиетімізді айқындайтын дүниелерді насихаттау, қастерлеу, халық жадында жаңғырту. 
Кезінде Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырзалиев сынды дарабоз талант иелерімен өнер өлкесіндегі бауырластық, туыстығымыз қазір қимас та қымбат естеліктерге айналды. Дарын иелерінің жүрегінен жарып шыққан жырлары мен әндерінде туған жерге, туған елге деген ыстық ықыласы, кіршіксіз таза көңілі махаббат мұхитындай сезілуші еді. Осындай ән туындылары рухымызды оятып, жан-дүниемізді байытатынын жүрегіммен ұғынамын, – деп әңгіме бастаған абзал ағамыз Н.Тілендиев, Ш.Қалдаяқов сынды сұңғыла композиторлардың «Теріскей», «Саржайлау», «Алатау сәлемі», тағы басқа әндерін шырқады.
Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары да халық әртісінің 80 жасқа толған мерейтойлық мерекелік ән кешінде жылы лебіздерін білдіріп, «Елге сәлем», «Ақжайнақ», «Қазағымсың» әндерін орындады.
Әсіресе, кеш соңына қарай ән құдіретінің кереметтігін жүрегі­мізге жеткізе білген ақиық әншінің орындауындағы «Өз елім» әнін залда отырған жұртшылық орындарынан жаппай түрегеліп, тағы да шырқап беруін сұранып, қол соғып қошеметтеуі жүрек тебірентер сәт болып есте қалды.
Халық әртісіне құрмет көрсеткен жұрт ішінде аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова да болып, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев шапан жауып, алғыс айтты.
Сексен жастың сеңгіріне келіп сахнада ән шырқап тұрған өнер иесіне қарап отырып көзіме бұлбұл құс елестеді. Бар болмысы, пішіні жүректей ғана бұлбұл құс құйқылжыта ән салғанда айнала көктің бәрін әсем үнімен мың құбылтатын қасиетке ие екен. Тамаша қасиет, кие деген осындай болар...
Иә, адам бұлбұл да болады екен-ау расында...

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қолөнер шеберлерінің байқауы
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер