Қолөнер шеберлерінің байқауы

Бөлім:  Мәдениет
| Автор:   19 Қыркүйек 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы үзілгенімізді жалғап, ұмыта бастағанымызды еске түсіріп, ұлтымыздың ұлы істерін қайта жаңғыртуға көп септігін тигізіп отырғаны баршамызға аян. Осы мақала аясында аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» атты қолөнер шеберлері арасында аудандық байқау өтті. Бұл байқау «Еңбек күні» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды.
Кәсіби емес қолөнер шеберлерінің шығармашылығын дамыту және қолдауды, патриоттыққа тәрбиелеуді, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, эстетикалық тәрбие беруді, болашағынан зор үміт күттіруші шығармашыл тұлғаларды анықтап, қолдау көрсетуді, шығармашылық қарым-қатынас орнатуды мақсат еткен ұйымдастырушы тарапқа қолөнер шеберлерінің көңілі толған.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» фойесінде өткен іс-шараға барлық ауылдық округтерден келген 16 мен 25 жас аралығындағы қолөнер шеберлері өз туындыларын ала келіпті.
Мұнда қойылған құрақ көрпешелер, ою-өрнекпен әспеттелген кесте, жастық, кілемшелер, киелі домбыра, батырлар киген сауыт-саймандар, ұлттық киімдер, бас киімдер – бәрі-бәрі көңілімізді өсірген.
«Ел іші – өнер кеніші» дегеніміз осы шығар. Сөреге қатар-қатар қойылған бұйымдардан көз сүрінеді. Бірінен бірі өткендей. Осында жүріп байқағанымыз, көлқайнарлықтар әкелген сауыт-сайман көпшілікті өзіне тарта берген. Білгеніміз, бұл бұйым Еңбек орта мектебінің директоры Асылбек Қонаровтың қолынан шығыпты. Осы сауыт-саймандар тіпті ЭКСПО-2017 көрмесінде де көптің көзайымына айналған екен.
Байқауға қатысушылар да, көрермендер де сол күні көңілдеріне көк сарай орнатқандары анық. Дегенмен, тақырыпқа сәйкестігін, түпнұсқасын, авторлық идеясын, шығарманың көркемдік деңгейін бағалап, әділ бағасын қойған қазылар – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша құрылған мобильді топтың жетекшісі, аудан әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы Жомарт Телеуов, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Бақытжан Құтжан, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты Төленді Көпбергенов және аудандық өлкетану музейінің директоры Гүлбағира Бекжанованың ұйғарымымен бірінші орын Аса ауылдық округінің қолөнер шеберлеріне бұйырды. Екінші орынды Айшабибі ауылының өнерлілері еншілесе, үшінші тұғырдан көлқайнарлықтар көрінді. Ал, «Тапқырлық» номинациясын ақбастаулықтар еншілесе, «Шығармашылық көркемдігі үшін» номинациясына бесағаштықтар ие болды. «Авторлық идеясы» номинациясы өрнектік қолөнер шеберлеріне бұйырды.
Барлық жүлдегерлерге, номинация иелеріне бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Басқа да қатысушылар арнайы дипломмен марапатталды. Сыйлық алғандардың арасында Аса ауылының мүмкіндігі шектеулі (І топтағы) тұрғыны Нұрзат Елеусізов те бар. Ол өзі жасаған етік тігетін «біз» ала келіпті.
Осы байқауды тамашалай жүріп ата-баба дәстүрін жалғай білген қолөнер шеберлері барда ұлттық құндылықтарымыздың жойылмайтынына, өнеріміздің өркендей түсетініне көзіміз жеткен.

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жүрек тебіренген сәт Айтулы әнші – Аса сахнасында »
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер