Отбасы – өмір айнасы Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   19 Қыркүйек 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Жуырда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Пионер» БПҰ төрайымы Алмат Жұмаділованың ұйымдастыруымен «дөңгелек үстел» отырысы өтті. «Мерейлі отбасы» тақырыбында өткен шараға жас отбасылар, ұзақ жыл отасқан жанұялар, жастар қатысты.
Әуелі Алмат Тұрмаханбетқызы жиналғандарды айтулы мерекесімен құттықтап, партияның отбасы құндылықтарына арналған жобаларымен таныстырды. Сонымен қатар отбасын нығайту, оны сақтап қалудың жолдары туралы кеңінен сөз қозғады.
Жиында сөз алған ауылдың ақжаулықты анасы Ханшайым Дүйсенова құдай қосқан қосағымен қиын кезеңдерде өмір сүргеніне қарамастан әрқашан татулықты, сыйластықты алғашқы орынға қойғанын, бір-біріне деген құрмет әлі күнге басты ұстаным екенін айтып, өздерінің алғашқы таныстықтары, қызықты оқиғалары туралы жастарға әңгімелеп берді. Бұл күнде ұлды ұяға, қызды қияға қондырған асыл ана жас жұбайлардың бір-біріне деген сыйластығы отбасы жарастығына ұласатынын баса айтып, жастарға әрқашан сабырлы, төзімді болуға кеңес берді.
Пионер ауылында алтын құрсақты аналар жеткілікті. Соның бірі – Айнаш Мүсілімова. 10 баланы тәрбиелеп өсірген асыл ана жанұялық өмірі туралы әсерлі әңгіме өрбітті.
Жиында жастар да өз ойларын білдіріп, көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап алды. Маңызы ерекше іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер