Екпе алудан қорықпайық

Бөлім:  Денсаулық
| Автор:   16 Қыркүйек 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Екпе – ғалымдар мен медицина мамандарының бірнеше ғасыр бойы іздеп тапқан дәрісі. Ол – халықты жұқпалы іңдеттерден, оның ішінде балаларда кездесетін түрлі жұқпалы аурулардан: қырылдауық,  көкжөтел,  қызылша, туберкулез, сіреспе, В гепатиті, сал және гемофильден сақтандырудың бірден-бір жолы.
ХХ ғасырдың басында екпе әлі енбеген заманда қаншама сәби шетінеп, тіпті бір отбасының қырылып қалғанын тарихтан білеміз. Сол себепті адамның денсаулығын нығайтуға, өмірін ұзартуға жетелейтін екпеге (вакцина) қарсы келмеуіміз керек. Аурудың алдын алатын, ауруды болдырмайтын вакцина салынса, одан адам еш ұтылмайды. Мұның бәріне ғылыми жетістіктердің арқасында қол жеткізілді. Денсаулықты сақтап қалатын жетістіктерді пайдаланбау – өлімге итермелеу. Біздің мақсат – адамзаттың өмірін сақтап қалу.
Соңғы кездері жас ата-аналардың білікті дәрігерлерге емес, әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпараттарға көбірек сенетіні алаңдатады. Жалған ақпараттардың салдарынан жастардың екпеден бас тартып жататынын көріп жүрміз, ол дұрыс шешім емес.
Қазақстан вакцинаның ең соңғы, тиімділігі жоғары әрі қымбат түрін пайдаланады. Бізге келетін екпенің барлығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификаты мен  рұқсаты бар. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ұлт саулығын, ел амандығын алдыңғы межеге қойып, оған қыруар қаржы бөліп жатқанын мақтанышпен айтуымыз керек. Бұл екпелердің бәрі мемлекет тарапынан тегін жасалады. Еліміздегі инфекциялық және паразиттік  ауруларға  қарсы профилактикалық егулер республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Екпелердің едәуір бөлігіне мемлекеттен қаржы бөлінеді. Гепатит, тұмау, күйдіргі, туляремияға қарсы егулерді мемлекет қаржыландырады. Қазақстан ғана емес, өзге мемлекеттер де екпеге жыл сайын миллиондаған қаражат бөледі. Сөйтіп, түрлі жұқпалы аурулардың алдын алады. Сондықтан әлем мойындаған екпеден қорқуға болмайды.
Соған қарамастан, арамызда екпе егуге қарсы азаматтар бар. Өкінішке қа­рай, екпе егуге қарсы ата-аналар Жалпақтөбе, Аса ауылдарында кездесіп отыр.
Көптеген елдер халқын екпемен қамтамасыз етпейді. Мысалы, Қытай халқы вакцинаны өз қаражатына сатып алады. Кейбір елдерде екпе егілмеген азаматтарды жұмысқа да қабылдамайды. Ислам шариғаты балаға екпе егуге қарсы деген пікірдің қате екендігін ғалымдарымыз да ашық мәлімдеп отыр. Өйткені Меккеге қажылыққа баратындар сапар алдында түрлі ауруларға қарсы екпелерді қабылдайды. Демек, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын  жол іздеу» қажеттігін шариғат та қолдап отыр.
Тағы бір айтатыны, екпе салғаннан кейін ағзада сол ауруға қарсы арнайы антиденелер пайда болады. Қорғану антиденелерінің әсерінен баланың дене қызуы көтеріліп, ине салған жері қызаруы мүмкін. Алайда одан қорқудың қажеті жоқ. Қалай десек те, бастысы, екпе баланы сол аурудан қорғайды. Біздің келешегіміз – бала. Болашаққа балта шаба алмаймыз. Әрбір ата-ана балаларын егу арқылы оларды жоғарыда аталған іңдеттерден қорғауға тиіс. Екпенің пайдасы көп екеніне көз жеткізуге толық мүмкіндік бар.

М. Ақтанова,
Жамбыл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Шипажай ашылды 8350 азаматқа екпе егіледі »
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер