Депутат назарында – әлеуметтік нысандар Таңдаулы

Бөлім:  Білім
| Автор:   16 Қыркүйек 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Жуырда Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Махамбет Ахметұлы Дүйсембаев ауданымызға арнайы келіп, бірқатар мекемелердің жылыту маусымына дайындық барысымен танысып қайтты. Халық қалаулысы аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова, аудандық Мәдениет үйінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Индира Тоғанбаева, аудан әкімдігі білім бөлімінің маманы Бақытжан Шабанбаевпен бірге Айшабибі, Қызылқайнар, Полатқосшы, Гродеково ауылдық округтерінде орналасқан әлеуметтік нысандарды аралады.
Сыйымдылығы 640 орындық Айшабибі орта мектебі газбен жылытылады, 2 автономды жеке қазандық және қосымша тоқ беретін генератормен қамтылған, резервте дизель отыны қарастырылған.
Алқалы топ Айшабибі ауылдық округінде орналасқан «Қарлығаш» балабақшасы, дәрігерлік амбулатория, Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте болып, жылыту маусымына дайындық жұмыстарының жай-күйімен танысты.  Мекемелердің қазандықтарын көріп, олардың іске жарамдылығына ден қойды.
Бұдан соң Қызылқайнар ауылдық округіндегі Жасөркен және М.Әуезов атындағы орта мектептерге және балабақшаға барды.
Қызылқайнар ауылындағы «Ертөстік» балабақшасы газбен жылытылады, резервте көмір қарастырылған, 2 қазандық жұмысқа дайын және автономды түрде жылытылатыны белгілі болды.  
Гродеково ауылдық округіндегі «Балапан» балабақшасы, Гродеково орта мектебі, Полатқосшы ауылдық округіндегі В.Чкалов атындағы орта мектеп, «Болашақ» бөбекжайы, Мәдениет үйі, тағы басқа әлеуметтік нысандарды аралаған топ тиісті сала жетекшілерімен ой бөлісті.
Аталған ауылдық округтердің әкімдері мен мекеме басшылары әлеуметтік нысандарда жылыту қазандықтары мен пештердің қалыпты жағдайын, ғимараттардың әктеу-сырланғанын, жұмысшы құрал-саймандарымен, арнайы киімдер мен техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы шаралар, қызметтік міндеттер, өзге де ақпараттар қамтылған стенділермен жабдықталғанын, ғимарат бөлмелерінде жылу өлшеуіш термометрлер орнатылып, жылу температурасын тіркеу журналдары арналғанын, отын сақтау қоймаларын дайындау жұмыстары (тазалау, қоршау, шатырын бүтіндеу, т.б) ұйымдастырылғанын, мектеп, балабақша ғимараттарындағы электр шамдарының толық жануы қамтамасыз етілгенін, жылу жүйелерінің гидравликалық тығыздығы сынаудан өткізіліп, қазандықтарда қауіпсіздік және еңбекті қорғау, төтенше жағдайлар жөніндегі ақпараттық-анықтамалық бұрыштар жасалғанын жеткізді.
Сапар соңында Махамбет Ахметұлы аралаған әлеуметтік нысандардың қыс маусымына дайындығын нәтижелі деп бағалады.

Күнзипа Ситалиева,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер