Азаматтар әскерге аттанды

Бөлім:  Жастар
| Автор:   13 Қыркүйек 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Отан қорғау – ер азамат үшін борыш. Өз міндетін өтеп келген жігіттің жүзі әрқашан жарқын. Олардың елді, жерді қорғау жолында әжептеуір есейіп келуінен бөлек, әскери билеті барлардың кез келген жұмысқа тұрып кетуі де оңай. Денсаулығы жарамды азаматтардың әскерге баруға ұмтылуының да сыры осы.
Көктемгі шақырылымда әскер қатарына алынғандар өз міндеттерін абыройлы атқарып жүрсе, жақында айшабибілік Дидар Мейіржанов пен Данияр Жолай, Жамбыл ауылдық округінен Досжан Мыңбаев күзгі шақырылымның алғашқы легімен Отан қорғауға аттанды. Осы жолы да шақыру комиссиясының төрайымы, аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова, аталған комиссияның мүшелері – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Руслан Намазбаев, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Сұлтанова тағы да үш бірдей болашақ сарбазға сәт-сапар тілеп, әскерге шығарып салды.
– Күзгі шақырылым бойынша әзірге алты бозбала әскер қатарына алынды. Осының алдындағы үш азаматпен кейінгі лектегі Полатқосшы ауылдық округінің тұрғыны Мақсат Аязбеков, ерназарлық Темірлан Әшірәлі және Айдын Сатан әскери міндеттерін Қызылорда қаласындағы №2019 әскери бөлімде шекара шебінде өтейді. Біз олардың әскери міндетін абыроймен атқаратынына сенімдіміз. Себебі әскер қатарына денсаулығы жақсы, шымыр, төзімді, епті, бойында патриоттық рухы басым жігіттер таңдалады. Ал, өңірден әскерге аттанып жатқан әрбір жігіт нақ осы талапқа сай. Мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы ретінде осы азаматтардың отан қорғауға деген адал ниеті мен белсенділігіне, елін, жерін сүйетін, Отанын қадір тұтатын азаматтар екеніне іштей риза болдым. Осындай ұрпақ тәрбиелей алған тәуелсіз Қазақстанның қорғаны қашанда мықты, – дейді Руслан Намазбаев.
Болашақ жауынгер Айдын Сатан бір жылдың көзді ашып-жұмғанша өте шығатынын, ел сенімін, ата-ана үмітін ақтайтынын, Отан қорғауды өзіне үлкен мәртебе санайтынын айтты.

Нұрым Сырғабаев,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жастар бас қосты Аманатқа жаман ат келтірмейік »
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер