Жастар бас қосты

Бөлім:  Жастар
| Автор:   13 Қыркүйек 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Дүйсенбі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті ХІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, облыстық «Жас Отан» жастар қанаты кеңесінің мүшесі Берік Үскенбаев және партия аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ кеңес мүшелері, бастауыш бөлімшелерінің жетекшілері, бірқатар мекеме басшылары қатысқан басқосуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласын талқылау және одан туындайтын міндеттер туралы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының 2017 жылдың мамыры мен қыркүйегі аралығында атқарған жұмысы туралы, «Жас Отан» жастар қанаты кеңесінің құрамын сайлау туралы, «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше басшысын және орынбасарын сайлау туралы, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті VIII есеп-беру сайлау конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше басшысы Бақытжан Құтжан баяндама жасады.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында жариялаған мақаласы қазақ елінің жүрегінен жол тапты. Онда айтылған әрбір сөз бен берілген тапсырмалар қазақстандықтың көкейіндегісін дөп басып қана қоймай, оларды нақты іске асыруға жігерлендіре түсті. Мемлекет басшысының «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғы­рып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тап бүгін басталатын жұмыс емес» деген сөзінің астарында үлкен мән бар. Соның бірі бізге қажетті әлемде болып жатқан құбылысты саралау және одан өзімізге керегін алып, кәдемізге жаратуымыз керек. Ол үшін біздің ой-жүйемізге шапшаңдық пен нақты іс-әрекет қажет. Сонымен қатар Елбасы бұл мақаласында ұлт мұраты, ұрпақ игілігі төңірегінде тұщымды ойларымен бөлісті.
Осы орайда бірнеше маңызды міндеттер жүктеп, жүйелі жобаларды ел назарына ұсынып отыр. Оның ішінде жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасы, тіпті халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын қалыптастыру қажеттілігі айтылған. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады және ол жерлер сол халықтың әрбір азаматына ғана белгілі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.
Бүгінгі таңда ауданымызда өткізіліп жатқан игі іс-шаралар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда аудан көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 кіші бағдарламалары «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» бағдарламалары жүзеге асырылуда, – деген  Бақытжан Құтжан «Жас Отан» ЖҚ жұмысына да кеңінен тоқталды.
– 746 мүшесі бар «Жас Отан» патриоттық, имандылық, құқықтық, тіл, нашақорлыққа және қылмысқа қарсы күрес, жемқорлық, салауатты өмір салты, экология және тағы да басқа қоғамдағы түрлі салалар бойынша 30-ға жуық іс-шара өткізді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жастар арасында насихаттау мақсатында ауылдық округтерде жиналыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ауданда партияның жобасы аясында да бірқатар іс-шаралар өз жалғасын тауып, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге өз септігін тигізуде, – деді бөлімше басшысы.
Баяндама бойынша «Бесағаш» бастауыш бөлімшесінің жетекшісі Жансая Алдаберген мен «Т.Тоқтаров» бастауыш бөлімшесінің жетекшісі Назира Қуатова сөз сөйледі. Конференцияда кеңес құрамы мен партия облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды. «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше басшысы Бақытжан Құтжанның басқа жұмысқа ауысуына байланысты бөлімше басшысы қызметіне Жандар Тоқсаба, оның орынбасары қызметіне Эльмира Туркменова сайланды.  
Нұрасыл Сұлтанбаев,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер