Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы

Бөлім:  Руханият
| Автор:   09 Қыркүйек 2017
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

«Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр», – деп ұлы ақынды әлемге паш еткен Мұхтар Әуезовтің дәуіріне де, ХХІ ғасырға да сол үн мен тыныс әлі дем беріп тұр. Абай қаламынан туған өлеңдер ғасыр мен дәуір өткен сайын өзектілігін жоғалтпай, сол ғасыр мен дәуірдің мазмұны мен сырын жаңа ашып танытқандай болады. Ғұламамыздың қуаты сол – өз заманынан әлдеқайда озық ойлап, озып жырлауында.

Абай атамыздың тау сілеміндей мол мұрасын жаңғырта отырып, өлмес ғибратының өміршеңдігін насихаттау мақсатында республикалық «Мен Абайды оқимын!» атты ағартушылық-поэзиялық акция аясында Бесағаш ауылдық округі әкімінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Жансая Алдабергеннің ұйымдастыруымен Абай атындағы орта мектепте «Мен Абайды оқимын!» атты мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Аудан əкімдігі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Жасұлан Үсенбаев, Бесағаш ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жетібай Бөрібеков және аталмыш орта мектептің қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Забира Бегманова қазылық еткен сөз додасына Аса, Полатқосшы, Гродеково, Қарой, Бесағаш, Тоғызтарау, Жамбыл, Қаратөбе, Қызылқайнар ауылдық округтерінің жастары қатысып, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыды.
Нәтижесінде бірінші орынды Мөлдір Рамазан (Бесағаш), екінші орынды Ділнәз Тастан (Тоғызтарау), үшінші орынды Ділнәз Маккам (Жамбыл) иеленді. Қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Қазақтың данышпаны Абай Құнанбаев қазақ халқының мақтанышы ғана емес, ар-ұяты мен намысы. Абай шыққан биік, Абай бойлаған тұңғиық қазақ халқының шыққан шыңы, ой түбіне сүңгіген тереңі. Сондықтан Абайды оқымаған, сөзін көңіліне тоқымаған, тым құрыса бір өлеңін жатқа білмейтін жастар болмауға тиіс. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов «Мен Абайды тереңінен шөміштеп қана ішкем» деген екен. Сол себепті Абайды оқудан, білуге ұмтылудан, ізденуден жалықпайық, құрметті жастар!

Эльмира Туркменова,
аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» ақпараттық талдау, мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы.

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер