Достарын еске алды

Бөлім:  Спорт
| Автор:   06 Қыркүйек 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Құрбан айт күні 1990 жылы туылған асалық жастар ауылдағы жасанды спорт алаңында кіші футболдан марқұм достары Нұржан Искаков пен Марат Боранбаевты еске алуға арналған аудандық турнир өткізді.
Жылда өткізіліп тұратын дәстүрлі турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітов көпшілікті ұлық мерекемен құттықтап, аяқдопшыларға сәттілік тіледі. Жылы лебіздер легін жалғаған марқұмдардың ата-аналары балаларының жолдастарына, яғни, ұйымдастырушыларға, жарысқа қатысушыларға алғыс айтты.
Турнирдің бас төрешісі Ербол Омаровтың нұсқауымен басталған жарыста 1984-2000 жылдар аралығында туылғандардан құралған құрама командалардың аяқдопшылары доп тепті. Жасыл алаңдағы ойындар олимпиадалық жүйе бойынша өтті.
Нәтижесінде өзге командалардан басым түскен 1992 жылғылар құрамасы жеңімпаз деп танылса, шешуші ойында жеңімпаздарға есе жіберген 1993 жылғылар ІІ орынды иеленді. Ал жүлделі ІІІ орын турнирдің дебютанттары 1997 жылғыларға бұйырды.
Турнир аяқталар тұста ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлерге тиесілі дипломдарын, медальдарын, спорт формасын, ақшалай сыйлықтарын табыс етті.
Түс ауа алаңға келген көпшілік ұйымдастырушылар жайған дастархан басына жиналып, марқұмдардың рухына бағышталып оқылған құранға қол жайды.
Ильяс Қалыбеков,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер