Арайлы күннің айғағы

Бөлім:  Конституция
| Автор:   06 Қыркүйек 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Елдігіміз бен егемендігіміздің тірегі – Ата Заң. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған күн айтулы мерекеге айналғаны арайлы күннің айғағы.
Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей әсер еткен ғұмырына.
Айналды Ата Заңым мызғымайтын,
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!
Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өрімдей жас өркендер келеді өсіп,
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын.
Абыройы асқақ айбынды Ата Заңға құрмет – бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты мемлекетіміздің уығы мен керегесі тәріздес деуге болады. Сондықтан, әрбір азаматтың ізгі ниеті, үлесі игілік жолына айналары анық. Осындай игі мақсаттағы іс-шаралар Конституция күні мерекесінде ауыл-аймақтарда ұйымдастырылып, көпшілікке арналған концерттік бағдарламалар, мәдени және спорттық шаралар өтті.
Аса ауылының орталық алаңында аудандық Мәдениет үйінің әншілері мен облыстық, республикалық байқауларға қатысып жүрген «Әдемі-ай» дуэті жұртшылыққа әсем әндерін арнап, ән-шашу соңы көпшілік серуенге ұласты.
Күнзипа Ситалиева,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бүлдіршіндер құрметі
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер