Мейірбандық мейрамы Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   06 Қыркүйек 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы. Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады. Біздің елімізде Құрбан айт әртүрлі этностар мен дін өкілдері арасында өзара сыйластықтың, достық пен бірліктің бірегей дәстүрлерін сақтауға және оны нығайта түсуге ықпал етеді.
Мейірім мерекесінде таңмен таласа тұрған тұрғындар Аса ауылын­дағы «Бәйдібек» мешітіне ағылып келіп жатты. Айт намазын Алланың жердегі үйінде оқуға асық­қан жергілікті жұртшылықтың қара­сы қалың болды. Мешітке ниет етіп кел­­ген жамағатқа ауданның бас има­мы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы тағылымы мол уағыз айтты. Айтулы мейрамның қадір-қасиеті жайлы әңгімелеп беріп, оның мән-маңызына кеңінен тоқталып өтті.
Мұнан кейін мешіттегі жамағат айт намазын оқып, оқылған құран мен айтылған дұға-тілектерге қол жайды. Айт намазы оқылып біткен соң мешіт сыртында құрбан шалынып, сауапты амалдар жасалды. Құрбандық еттері мұқтаж отбасыларға таратылып берілді.
Айта кететін жайт, ол күні мешіт айналасында аудандық ішкі істер бөлімі (бастығы Талғатбек Татенов) жол полициясының қызметкерлері жол қозғалысын реттеп, кептелісті болдырмау үшін таңсәріден кезекшілікте тұрды.

Ильяс ҚАЛЫБЕКОВ,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер