Жылы лебіздерін арнады Таңдаулы

Бөлім:  Білім
| Автор:   06 Қыркүйек 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Білім күні мерекесіне орай аудан әкімі Бақыт Қазанбасов еңселі білім мекемелерінің бірі – Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектепке арнайы барды. Облыстық бюджеттен 161 млн теңгеге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесін көру мақсатында мектеп ішін аралап, білім ордасының жай-күйімен танысты.
Күмбірлейді туған жердің бел, өрі,
Күмбірлейді қайың, шырша, терегі.
Балбұлақ та қоңырау болып кеткендей,
Бүгінгі күн білім күні себебі, – деп басталған алғашқы қоңырау салтанаты «Бұраңбел» бишілер тобының биімен ашылды.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандар мен жас түлектер қаз-қатар тізіліп келіп, безендірілген алаңда сап түзеген сәтте мемлекеттік Гимн орындалды. Аудан басшысы Бақыт Қазанбасов мектеп ұстаздары мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, қырық жылдан астам тарихы бар білім ордасының оқу мен тәрбие жетістіктеріне жетіп, аудан абыройын арттыруға үлес қосатындарына сенім білдірді. Мектеп оқушылары әсем әндерін шырқап, Білім күні мерекесіне жүрекжарды лебіздерін арнап, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Алғашқы қоңырау соғылып, салта­натты іс-шара «Мен – өз Отанымның патриотымын» атты білім сабақтарымен жалғасын тапты.

Күнзипа Ситалиева,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер