Жаңа заң түсіндірілді

Бөлім:  Конституция
| Автор:   29 Тамыз 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңына қол қойған болатын. Заң «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы» Елбасының осы жылғы 13 наурыздағы №437 Жарлығын орындау үшін әзірленген.
Осы орайда Жамбыл ауданы прокуратурасының аға прокуроры Азамат Мұқаев аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында ауылдық округтердің әкімдері, әкімдіктегі бөлім басшыларының қатысуымен жиналыс өткізді.
Жиында сөз алған аға прокурор:
– Ата Заңның 83-бабының 1-тармағына прокуратура қызметінің аясы сипатталып көрсетілген өзгерістер енгізілді. Жаңа Заңда еліміздегі прокуратураның мәртебесі, құзыреті, қызметін ұйымдастыру тәртібі айқындалған. Заңның 1-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасы аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүдделерін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Заң адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған. Прокурордың құқықтық актілер жүйесі оңтайландырылған. Прокурорлық қадағалау актілерінен «алдын ала ескерту» және «ұйғарым» алынып тасталды. Заңды түсіндіру актісінің мазмұны өзгертілген. Аталған құқықтық акті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, сондай-ақ дайындалып жатқан құқыққа қайшы әрекеттер туралы мәліметтер бар болған кезде енгізілетін болады, – деді өз сөзінде.
Жаңа Заң түсіндірілген жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Абай Бекбосын қорытындылады.
Ильяс Қалыбеков,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер