Аудан ахуалы жақсы Таңдаулы

Бөлім:  Қоғам
| Автор:   26 Тамыз 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Сәрсенбі күні ҚР Парламенті Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев ауданымызға жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол Жалпақтөбе, Гродеково, Айшабибі, Тастөбе, Еңбек ауылдарындағы әлеуметтік және өндірістік нысандарды аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудандық мәслихаттың хатшысы Рүстем Бегалиев, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы, бөлім басшылары, ауыл әкімдерімен бірге аралап көрді. Нысандардың тыныс-тіршілігімен, жұмыс барысымен жан-жақты танысқан топ ғимараттардағы жылу жүйесіне мән беріп, от жағу торабының, қазандықтардың қысқа дайындығын саралады. Сенатор мекеме басшыларымен емен-жарқын әңгімелесіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Гродеково ауылындағы «Алтын белгі» кооперативінде болған Абдалы Тоқбергенұлы осы жылы 22 қосалқы шаруашылықтан құрылған кооперативтің мүшелерімен жүздесіп, жағдай сұрасты. Сүт өндіру бағытында мал өсірумен және егіншілікпен айналысатын шаруалар халық қалаулысына 275 бас мүйізді ірі қарадан күніне 1500 литр сүт алатынын сөз етті.
Айшабибі ауылындағы «Орақбай» шаруа қожалығының қияр өсіретін жылыжайы сенаторды жақсы әсерде қалдырды. Олай дейтініміз, жылыжайда күніне 1 тонна қияр жиналып алынады екен. Мұны қожалық төрағасы Досымжан Оразқұлов халық қалаулысына өзара болған әңгімесінде айтты.
Сенатор бастаған топ Айшабибі ауылында жаңадан салынып жатқан «Фарм-менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ірі қара мал бордақылау алаңына да кіріп шықты. Алаңды көрсеткен мекеме басшысы Абылай Оспанов: «Көлемі 50 гектар жерді алатын алаңда бір мезгілде 1000 бас ірі қара мал бордақыланатын болады. Осы жылы 500 тонна ет өндіруді жоспарлап отырсақ, келесі жылғы межеміз – 3000 тонна», – деді.
Еңбек ауылындағы «Аса DAMU» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасында болған Абдалы Тоқбергенұлы серіктестік қызметкерлеріне өздері жұмыс жасап жүрген фабрика облыста жалғыз екенін атап айтты. Қазір фабрикада 82 мыңға жуық балапан өсірілуде. Балапандар Ресейдің Кемерово қаласынан жеткізілген. Сәуір айында бірінші корпус іске қосылып, алғашқы тауық жұмыртқалары шығарыла бастады. Корпус іске қосылғалы күндігіне орта есеппен 65 мың, ал айына 1,9 миллион жұмыртқа шығарылуда. Тауықтарға арналған бірінші корпустың құрал-жабдықтары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында пайыздық ставканы субсидиялау шарты негізінде 165,0 миллион теңге көлеміндегі несиеге Испания мемлекетінен сатып алынып, орнатылды. Екінші цех қазан айында іске қосылады. Жыл соңына дейін өндіріс көлемі күніне 130-140 мың, ал айына 4,1 миллион жұмыртқаны құрайды деп күтілуде. Ал, үшінші цех келер жылы толық іске қосылады. Бұл туралы біз фабрика директоры Үсен Құрманбековтың халық қалаулысымен болған әңгімесінен білдік.
Сенатордың жұмыс сапары Тастөбе ауылындағы «Қызылдиқан» өндірістік кооперативінде аяқталды. Кооперативтің 100 гектар жерге егілген қант қызылшасын көрген халық қалаулысы шаруалар жұмысының көңілге қонымды екенін тілге тиек етті. Өз кезегінде кооператив төрағасы Нуритдин Бегманов тәтті түбірден бөлек биыл қожалық 700 гектар жерге күздік бидай, 320 гектарға жаздық арпа еккенін, дақылдар жуырда орылғанын жеткізді.
Сапар соңында Абдалы Тоқбергенұлы ауданның бүгінгі қал-ахуалын, әлеуметтік-экономикалық  жағдайын оң бағалайтынын айтты.

Ильяс Қалыбеков,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қателікке бой алдырма Құрбан айт құтты болсын! »
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер