Халық қалаулысы — ауданымызда Таңдаулы

Бөлім:  Саясат
| Автор:   23 Тамыз 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шакир Хахазов аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова және бірқатар аудан басшыларымен бірге Гродеково, Полатқосшы ауылдық округтерінде болды.
Мәжіліс депутаты бастаған топ Гродеково ауылындағы Мәдениет үйіне, Жалпақтөбедегі «Болашақ» бөбекжайы мен «Берсанукаев» шұжық өндіру цехына арнайы барды.
Айта кетерлігі, былтыр облыстық бюджеттен қаржыландырылып, ауыл тұрғындарының игілігіне берілген Мәдениет үйінің сәулеті мен дәулетіне халық қалаулысы ризалығын білдірді. Мәдениет үйінде жергілікті тұрғындар атынан Жамбыл облысы күрді ұлты ассоциациясының вице-президенті, «Барбанг» күрді ұлттық этномәдени орталығының Жамбыл ауданы бойынша ресми өкілі Сабри Асанов Елбасының сарабдал саясатын қолдайтынын айтса, ауыл тұрғыны Қырғызбай Хабиев ауылға емхана мен жаңа мектеп керектігі туралы ойын ортаға салды.
Шакир Хусайынұлы «Болашақ» бөбекжайының тыныс-тіршілігімен танысып, бағдарлы болашақ балалар тәрбиесінен бастау алатынын айтып, ұжым жұмысына сәттілік тіледі. Тауары аудан, облыс, республикалық сапа байқауларына қатысып, көрмелерге ұсынылып жүрген «Берсанукаев» жеке кәсіпкерлігі басшылығына өндірісті әрі қарай дамыту керектігі туралы пікірін білдірді.
Сонымен қатар, мәжіліс депутаты Жалпақтөбе ауылында орналасқан «Шарипов» шаруа қожалығының жеміс сақтау қоймасының жай-күйін көрді. В.Чкалов атындағы орта мектепте өткізген қоғамдық қабылдауына «Гуонлён» жастар орталығы қоғамдық ұйымының төрағасы Рашид Бакиров, ауыл ақсақалы Хаби Биболов келді.  

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер