Халық қалауы – тыныштық Таңдаулы

Бөлім:  Саясат
| Автор:   19 Тамыз 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүріп жатқан әрбір азамат Қазақстан Республикасы Конституциясымен бекітілген заңдарға бағынады. Себебі, заңның азаматтардың өмір сүруіне қажетті қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті қам­та­масыз ететіні мектеп оқушы­ларына дейін білуі керек.
Біз – өркениетті елміз. Ел-жұрт болып әлем жүзін Астана төріне қаратып, ЭКСПО халықаралық көрмесінде мәдениетіміз бен өркениетіміздің жеткен жетістігін көрсетіп әрі дамытып жатқанда Жасөркендегі жағдай жұртты жерге қаратты.
Шекара сызығы Жамбыл ауданымен іргелес жатқан Қордай, Меркі, Жуалы аудандарынан да өтеді. Бірақ оларда мынадай мәселелер туындаған емес. Мемлекет бағдарламасымен жұмыс істеп отырған тұрғындардың тірлігі көңілге қонымды, қолдауға ие болып отырғаны баршамызға аян.
Таяуда аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы, ҚР ҰҚК ШҚ «Оңтүстік» өңірлік басқармасы басшысының орынбасары, полковник Абусахит Төлегенов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков, аудан прокурорының міндетін атқарушы Алмас Асылбеков, 2035 әскери бөлімінің командирі Қайрат Әділханов, «Оңтүстік» өңірлік әскери полициясының аға прокуроры Дінмұхамед Сыпатай, ҚР ҰҚК Жамбыл облыстық департаменті Жамбыл аудандық бөлімінің басшысы Бауыржан Ибраимов, аудандық ішкі істер бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жарас Тоқабаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы  Белғали Сергеев, аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің басшысы Сәкен Нұржаубаев, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасынов Жасөркен, Бесағаш, Гродеково ауылдарының әкімдерімен, учаскелік полиция инспекторлары, қауымдастық төрағалары, ақсақалдар алқасы және ауыл тұрғындарымен кеңес өткізді.
Кеңесте «Оңтүстік» өңірлік басқармасы басшысының орынбасары А.Төлегенов Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекет аумағындағы заң талаптарын орындауы, соның ішінде заңсыз көші-қон, контрабандалық әрекеттерге тосқауыл қою, заң аясында әрекет ету қажеттілігін түсіндіріп, Жасөркенде орын алған жағдай бойынша жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, оның нәтижесі жария етілетінін хабарлады.
Аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы қазіргі таңда жұмыспен қамту бағдарламалары, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жеңілдікпен несие алу, «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс» бағдарламалары аясында мал бордақылау, ауыл кооперативін құру, сүт өнімдерін өткізу мақсатында қаржы институттарымен бірлесе жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалғанын атап көрсетті. 
Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі Зайнилда Сматов жиын барысында өнер, білім мен мәдениет салаларында есімі елге белгілі азаматтар шыққан небәрі 887 тұрғыны бар аядай ауыл үшін былтыр шекара аумағында заңбұзушылықтарға байланысты 73 әкімшілік іс, 5 қылмыстық іс қозғалса, биылғы жартыжылдықта әуеге 5 рет оқ ату арқылы ескерту жасалғандығы жақсы көрсеткіш болмай тұрғандығын салмақпен айтты. Сонымен қатар, шекарадан заңды түрде өту пункттері бар екенін біле тұра заңға қайшы әрекеттер жасап, шекара қызметі мен әкімшілік назарына түскен 15 ауыл тұрғынының есімдері аталды.    
Жасөркендегі жиында Қызылқайнар ауылы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бегалы Сқақов, ауыл тұрғыны Қуанышбек Ахметов, Гродеково ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Төрегелді Үсіпбеков пікірлерін білдірсе, Бесағаш ауылында өткен кеңесте тұрғындар ойларын ортаға салып, орын алған жағдайға байланысты түсіністік танытты.  
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы қырғыз елімен шекаралас орналасқан елді мекендерде мемлекеттік шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шекаралық режимді сақтау мақсатында жергілікті атқарушы билік өкілдері, шекарашылар мен тұрғындардың бірлесе іс-қимылдар атқару маңыздылығын айтты.
 «Бақ қайда барасың десе, ынтымағы мықты елге барамын» демекші, ынтымақ-бірлікте атқарған істе береке барын жұрт көріп жүр.
Халықтың қалауы – бейбіт өмір. Ал, бейбітшілік кепілі – заң және тәртіп. Сондықтан, ел тыныш, шекара берік болсын дейміз.

Күнзипа Ситалиева,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер