Ауданда діни ахуал тұрақты

Бөлім:  Дін
| Автор:   16 Тамыз 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Дүйсенбіде аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Дін саясатында ақпараттық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізу» тақыбырында конференция өтті. Ауданға қарасты ауылдық округтердің әкімдері, жастар кеңесшілері, ауылдардағы мешіт имамдары қатысқан конференцияны аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова ашып, жүргізіп отырды.
Конференцияда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы Бақытжан Құтжан дін саласы бойынша бекітілген желілік кестеге сәйкес 7 айдың қорытындысы туралы баяндама жасады.
– Бүгінгі күні ауданда заңсыз миссионерлік қызмет көрсету және діни мақсаттағы әдебиеттер мен заттарды заңсыз сату, тарату фактілері орын алмаған. Діни ахуал тұрақты. Аудан бойынша «Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы» республикалық діни бірлестігінің 29 филиалы тіркеліп, 11 намазхана облыс әкімдігі дін істері басқармасының келісімін алған. Жоғарыда аталған мешіттердің 28-не жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен бейнебақылау камералары орнатылған. Аудан аумағындағы діни ахуалды тұрақтан­дыруға бағытталған 2016-2018 жылдарға арналған желілік кестеге сәйкес аудандық және ауылдық ақпараттық топ мүшелерінің қатысуымен былтырғы жылы 236 кездесу ұйымдастырылса, биыл түрлі форматта 85 іс-шара өткізілді. Аудандағы білім беру мекемелерінде «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінен сабақ беретін 33 мұғалім бар. Олардың 29-ы біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Өткен жылы 4 мұғалім арнайы курс оқып, сертификат алды, – деді Бақытжан Құтжан.
Одан кейін жоғарыда аталған бірлестіктің төрағасы Асхат Олжабаев сөз алып, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік жобасы бойынша атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Конференцияны қорытын­дылаған Үміткен Қапанқызы ауыл әкімдері мен имамдарын бірлесе жұмыс жасауға үндеді.

Ильяс Қалыбеков,
«Шұғыла».

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Келелі кездесу Қасиетті мереке басталды »
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер