Баспасөз конференциясы

Бөлім:  Әлеумет
| Автор:   18 Қаңтар 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Апта аралығында Жамбыл аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Әлімқұлова БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді. Ол тілшілерге аудандық соттың 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндап, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер жайында айтып берді.
Аудандық сотта 2016 жылдың 12 айында 105 тұлғаға қатысты 93 қылмыстық іс қаралып, 91 тұлғаға қатысты 83 іс бойынша, 90 тұлғаға қатысты 82 айыптау үкімі, 1 тұлғаға қатысты ақтау үкімі шығарылған.
Сонымен қатар есепті кезеңде түскен 1147 талап-арыздың 601-і өндіріске қабылданып, 528 арыз бойынша сот бұйрығы, 1136 азаматтық іс қаралып, 588 іс бойынша сот бұйрығы шығарылған. 553 әкімшілік іс қаралып, 468 тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолданылса, 85 тұлғаға қатысты әкімшілік іс қысқартылған.
Жыл басынан бері сотқа қолма-қол түскен талап-арыздардың барлығына талон берілген. Сотқа шақыру СМС хабарлама арқылы жүзеге асырылуда. Сот мәжілісінің хатшылары іске қатысушыларға бірінші кезекте СМС хабарлама жолдайды, ол СМС хабарламаға 24 сағаттың ішінде алғандығы туралы белгі түспеген жағдайда, сотқа шақыру қағаздарын гибридті пошта арқылы жолдайды. Аудандық сот мамандары СМС хабарламаларын барлық қаралып жатқан азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша қолдануда. Жыл басынан бері барлық сот істері бойынша 13665 СМС хабарламалары жолданған.
Сот актілері мен сот отыры­сының хаттамалары 100 пайыз электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылады.
Бұдан бөлек, 12 айда жалпы 71 мақала газет беттерінде жарық көрген, радиодан 3 хабар, теледидардан 1 сұхбат берілген. Жамбыл облыстық сотының веб-сайтында жарияланған мақалалар мен ақпараттар саны – 75.
Жыл ішінде барлығы 54 семинар-сабақ, 22 «дөңгелек үстел» отырысы, 4 ашық есік күні, 2 брифинг, 2 баспасөз конференциясы өткізілген.

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бөлім басшылары есеп берді
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер