Бөлім басшылары есеп берді

Бөлім:  Әлеумет
| Автор:   18 Қаңтар 2017
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Апта аяғында Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында «Есептеу, талдау және жұмыстарды ұйымдастыру», «Салықтық әкімшілендіру және мәжбүрлеп өндіру», «Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру» бөлімдерінің басшылары М.Бейсенбекова, Е.Шымырқұлов, А.Турешов басқарма басшысының міндетін атқарушы Ғ.Есіркеповтің алдында есепті мерзімде атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, өткен жылды қорытындылады.
Жалпы, басқармада есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 3585,2 млн теңге түссе, республикалық бюджетке 1348,3 млн теңге түсіпті. Жергілікті бюджетке түскен 2236,9 млн теңгенің 1340,4 млн теңгесі аудандық бюджетке тиесілі. Жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша бюджетке түсім мөлшері 80,5 млн теңгені құраған. Бюджет бойынша болжам сомаларының барлығы 100 пайыздан жоғары орындалған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 279-бабының 2-тармағы бойынша салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және аудару жөнiндегi мiндеттi орындамағаны үшін 22 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 275,7 мың теңге айыппұл салынып, 265,1 мың теңге өндірілді. Кодекстің 288-бабы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының заң талаптарын орындамағаны үшін 85 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан 1357,4 мың теңге өндірілген. Сондай-ақ, 132 салық төлеуші Кодекстің 91-бабының 6-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзғандығы үшін, 92-бабының 2-тармағы бойынша 126 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Super User

Venenatis vitae, justo. Nullam dictum felis eu pede mollis pretium. Integer tincidunt. Cras dapibus. Vivamus elementum semper nisi. Aenean vulputate eleifend tellus. Aenean leo ligula

Сайт: www.joomshaper.com
Осы категориядағы басқа материалдар: Баспасөз конференциясы »
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз

Серіктестер